Лицей тарихы
1993 жылы Қазақстан Республикасы оқу министрлігінің 27.07.1993ж. № 0324-05/382 бұйрығы, Ақтөбе облыстық әкімінің 10.08.1993ж. № 481 шешімі, Ақтөбе облыстық білім басқармасының 19.08.1993ж. бұйрығы және Түркия мемлекетінің «Шелале» фирмасының ұсыныс – келісімдері бойынша Ақтөбе қаласында «Қазақ-түрік» лицейі болып ашылды.
Лицейдің ресми түрде ашылу салтанаты 1993жылдың 9 қыркүйегінде сағат 11.00-де Ақтөбе қаласындағы №36 қазақ орта мектебінде облыс әкімі Шалбай Құлмаханов, орынбасары Аслан Мусин, облыстық білім басқармасының бастығы Аманкелді Есіркеповтің қатысуымен өтті.

Алғашқы лицейге конкурстан өткен 6 – класс бітірген 50 оқушы, 8 – класс бітірген 50 оқушы, барлығы 100 оқушы Ақтөбе қазақ-түрік лицейінің тұңғыш шәкірттері болып қабылданды.
1994 жылдың қараша айында лицейге 5 қабатты ғимарат берілді (ағ. Жұбановтар 263)
2009 жылы Облыстық білім басқармасының шешімімен Қазақ-түрік лицейі «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп аталды.
2017 жылы сәуірде «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі деп атауы өзгертілді.
Бүгінгі таңда білім ордасында
258
7-11 сыныптар аралығында оқушылар білім алуда
35
Педагог кадр білім беруде
Лицей-интернатта 1993 жылдан бастап директорлық қызмет атқарғандар
- 1993-1997 жж — Орхан Өзгүл
- 1997-1998 жж — Хабиб Шэнгүл
- 1998-2002 жж — Эржан Окдем
- 2002-2004 жж — Абдуррахман Сел
- 2004-2005 жж — Бирол Каракою
- 2005-2007 жж — Садреттин Челик
- 2007-2010 жж — Муаммер Тачшы
- 2010-2012 жж — Мехмет Йылдырым
- 2012-2014 жж — Асанов Бауыржан Бакбергенович
- 2014-2017 жж — Якуп Мызрак
- 2017-2022 жж — Куралбаев Куаныш Нурланович
- 2022 ж — Омаров Бақтияр Шайманұлы
Мектеп директоры
